6 ТАРАУ. өндірістік кәсіпорындағы отын технологиясы
6.1 Отын түрлері
Отын деп белгілі бір түрлену үрдісінен өткенде, техникалық тұрғыдан қолдануға болатын энергия беретін затты айтады. Отынның екі негізгі тобы белгілі, энергия бөліну принципі бойынша, белгілі – ядролық отын, ядролық түрлену нәтижесінде энергия бөлетін және химиялық отын – жаңғыш элементтердің тотығуынан энергия бөлетін заттар. Бұл үрдіс жану нәтижесінде болады. Қазіргі кезде көптеген табиғи, жасанды отындар түрлері қолданылады.
Қатты жаңғыш отындар миллиондаған жылдар бойы ағаштардың полимеризацияланып, тығыздануынан қалыптасқан. Оларға: антарцит, тас көмір, қоңыр көмір, шымтезек, жаңғыш сланец жатады.
Мұнай, табиғи газдар да ұзақ геологиялық мерзім бойы органикалық қалдықтардантүзіліп, тау жыныстар арасында ойпаң жерлерде жиналған. Табиғи газ құрамында көміртектер өте көп болады, мысалы метан үлесі СН4 98% дейін жетеді.
Түрлі технологиялық үрдістер нәтижесінде алынатын жасанды газдар (кокстен т.б.) – энергетикалық мақсатта өте сирек қолданылады.
Отынның негізгі сипаттарына – құрамы, жану жылуы, жанудағы адиабатты температурасы, пайда болатын жану қалдықтарының сипаты, жалынның пайда болу температурасы, қопарылу жағдайы (тізбелік реакция), отын және оның қалдықтарының улылығы жатады[19].
Отын құрамы - ең маңызды сипаттамаларының бірі. Негізгі бөліктеріне көміртек С, сутек Н, оттегі О жатады. Органикалық отындарда аз мөлшерде күкірт S және азот N болады. Бұлардың бәрі жану үрдісінде қатысқандықтан, олар отынның жаңғыш массасын құрайды.
Отын құрамындағы минералды массалар жану үрдісінде күлге А айналады, ал оның үлесі отын сапасына байланысты және отынның жылу беру қабілетін төмендетеді.
Отынның жылулық қасиетін жылу беру қабілетімен, яғни жану жылуымен Q сипаттайды. Ол белгілі бір отын көлемі жанғанда бөлінетін жылудың көлемдік бірлігі.